Адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Тіпті шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы күшімізді пайдалану. «Еңбек - адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады» деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Біз, адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіземіз. Қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Тек еңбек адамы ғана құрметке ие бола алады. Сол құрметке лайық, өз ісін жақсы көріп, үлкен жауаркершілікпен атқарған ғана адам өзін бақытты сезіне алады деп ойлаймыз. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, сөз маржанын бойларына дарытқан, алдындағы балаға орыс тілін меңгертуді жөн көрген ЕҢБЕК АДАМЫ Махатова Назира Султанияқызы. Ол - әр баланың бойына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялай білетін, асыл қасиеттерді бойларына дарытып, тер төгетін ұстаз. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау ұстаз мамандығының иесі бола білген Назира Султаниякызы нағыз ЕҢБЕК АДАМЫ деп бағалаймыз. #ЕңбекАдамы
https://i-altynsarin.edu.kz/zh-lykt-r-i-altynsarin/8938-e-bek-adamny-ekinshi-anasy.html#sigFreeId3cf062c455