14 Желт 2024
Жаңалықтар

«Адамды адам еткен, еңбек»

«Адамды адам еткен, еңбек» десек, қоғамдық қатынастар өзгерген қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз? Менің ойымша, бүгінгі заманда еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеуге болады. Ол — дихан бола ма, ол — малшы бола ма, ол — жазушы бола ма, ол - мұғалім бола ма, ол - дәрігер бола ма, ол — өнер адамы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Бастысы маңдай терін салып жұмыс істеуі керек. Өзінің әр күнін шабытты бастап, пайдалы іспен аяқтаған әр маманды ЕҢБЕК АДАМЫ десек жарасады. Зәуре Құсбекқызы - "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі. 41 жылдан бері жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу, оның ішінде әр балаға әріп таныту, сауатты оқушы ету үшін аянбай еңбек етіп келеді. Биылғы оқу жылында Зәуре Құсбекқызы 11 түлектерін жоғары сыныпқа шығарып салды. Әр сыныпта 20-25 оқушы оқитындығын ескерсек, бүгінгі күнге дейін Зәуре Құсбекқызы 250 оқушыға әріп танытып, әдептілік әліппесін үйретіп, санауды, жаратылыс заңдылықтарын, ән айтуды, сурет салуды, салауатты өмір сүруді үйретті. Ерен еңбегімен, тиянықты, ыждаһатты қалпымен, жоғары жауапкершілігімен ұжым алдында беделді Зәуре Құсбекқызын "Еңбек адамы" ретінде құрмет тұүтамыз және шығармашылық шабыт тілейміз.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар